Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды

LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды

Фото: Іnstagram.com/cts_kz

Астанада 22,4 шақырымдық LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

CTS компаниясының айтуынша, рельстерді төсеу жұмыстары елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі. 

“Барлығы №101–118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазір рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр. Одан кейін оларды соңғы бекіту басталады. Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды”, – делінген жазбада.

Аталмыш технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған.


Астанада LRT нысандарын бояп жатқан кезде көліктерге бояу шашыраған: Жүргізушілер шығынды өтеп беруді сұрайды


"Ақау емес, табиғи құбылыс": LRT рельстерін неліктен тат басқаны түсіндірілді


Бұдан әрі төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформаларды орнату жұмыстары жүргізіледі.

Бұған дейін LRT-ның 2026 жылы іске қосылатыны туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Тамыз, 2025 11:06
Талқылау