Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада лифтті аяғымен басқан фельдшерге айыппұл салынды

Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында "Ақ дидар" тұрғын үй кешенінде лифтті аяғымен басқан жедел жәрдем қызметкеріне айыппұл салынды.

Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы факті бойынша полицейлер 24 жастағы фельдшерді анықтады. Ер адамға қатысты ҚР ҚК 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушыға 5 АЕК, яғни 15 315 теңге айыппұл салынды.

 

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 02 Ақпан, 2022 17:26
Талқылау