Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада кәмелетке толмаған балалар қоғамдық көліктерде тегін жүреді

«CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін жүретін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2020 жылғы 28 наурыздан бастап елордада барлық кәмелетке толмағандар үшін жол жүру тегін болады. Қоғамдық көлікпен жүруге қатысты бірқатар мәселелер азаматтарды қабылдау, мәслихат сессиялары мен есептік кездесулерде көтерілді. Тасымалдаушылармен келіссөздер барысында қала әкімі 18 жасқа толмаған тұлғалар үшін жол жүру тегін болатыны туралы шешім қабылдады. Шеткері аймақтарда тұратын кәмелетке толмаған балалар да тегін қатынай алады. Осы уақыт аралығында барлық дайындық жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлайды қалалық әкімдіктен.

Дайындық жұмыстарының қатарына түсіндіру, балаларға олардың аттары жазылған көлік карталарын сатып алу жұмыстары жатады. Көлік картасы барларына оны ауыстырудың не жаңасын сатып алудың еш қажеті жоқ.

«Автобуста көлік картасының валидациясы (тегін жол жүретін тұрғындар үшін де) міндетті болып қалады. Себебі сол деректер негізінде қоғамдық көлік маршруттары жасалады. 7 жастан 15 жасқа дейінгі жолаушылар үшін қоғамдық көлікте жол жүру құны 40 теңге болды, ал 15 жастан асқан тұрғындар үшін 90 теңге болатын. Жеңілдігі бар азаматтардың санаттарына жататын тұрғындар да тегін жол жүреді», - деп мәлімдеді елордалық әкімдік өкілдері.

Бұған қоса тағы кімдер тегін қоғамдық көліктерде жүре алатындығы айтылды. 

«Балаларды қоғамдық көлікте тегін жүргізу жеңілдігіне келер болсақ, бұл үшін ешқайдан ешқандай қаражат бөлінбейді. Тасымалдаушылар үшін белгілі бір шығын келгенімен, көтеріп алуға болады. Алты санатқа қоғамдық көлік тегін болады. Алты санатқа қоғамдық көлік тегін болады. Ол алты санаттың ішіне зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс ардагерлері, мүгедектерді алып жүрген адамдар, көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылардың мүшелері кіреді», - деді Бекмырза Игенбердинов.

 


 

Талқылау