Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда әкімі: Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр

Елорда әкімі Алтай Көлгінов ЖЭС-2-де болып, алдағы уақытта астананы газдандыру мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Кеңес барысында жобалық-сметалық құжаттаманың бір бөлігі дайын емес екені анықталды. Әкім қаладағы энергетиктердің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорда әкімі: Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отырСурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

«Сараптама әлі жүргізілмеді. Бүгінде конкурс бойынша сот даулары өтіп жатыр. Кейбір жобалар бойынша әлі күнге дейін конкурстар жарияланған жоқ. Бұл жауапты құрылымдар арасындағы келісілмеген іс-әрекеттерге байланысты. Орындаушыларға қарағанда бастықтар көп болып отыр», - деді Көлгінов.  

Жиын барысында алдағы жылыту маусымына көмір жеткізу, «Астана-Энергия» АҚ балансына «ЖЭС-1 және ЖЭО-2 кеңейту және қайта құру» жобасы аясында салынған жабдықтарды беру бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды. 

«Астаналық ЖЭС – ты газдандыру мәселесіне қатысты, жобаның 1-кезегін іске асыру 2019-2021 жылдарға жоспарланған 633,67 млн м3 көлемінде газ тұтынумен немесе қаланың жалпы газ тұтынуынан (658,15 млн м3) 96% есептелген. Айта кету керек, жылу беру маусымында барлық қазандықтардың жұмыс істеуіне байланысты жабдықтар монтаждалмайтын болады», - дейді қала басшысы. 

Сондай-ақ қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту мақсатында қазандық агрегаттарында NID технологияларды енгізу бойынша жұмысты бақылауға алу тапсырылды. 

«ЖЭС-1 және ЖЭО-2-елорданың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін стратегиялық нысандар. «Астана-Энергия» АҚ басшылығы барлық келісілмеген мәселелерді шұғыл түрде шешуі қажет. Біз жылу электр орталығын газ қабылдауға дайындауымыз керек. Тиісті бөлімшелер апта сайын атқарылған жұмыс туралы есеп беруі тиіс», - деді әкім.

Талқылау