Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің мектептерінде жаңа пән енгізілуде

Қазақстанның барлық өңірлерінде «Өлкетану» оқулығы  әзірленді. Бұл туралы «Оқу құралы» республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Әділхан Дүйсебек орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің мектептерінде жаңа пән енгізілуде

Оның айтуынша, әрбір аймаққа арналған «Өлкетану» оқулығын осы аймақтардағы жергілікті ғалымдар мен педагогтар және тарихшылардан құрылған авторлық ұжым әзірлеген.

Еліміздің мектептерінде жаңа пән енгізілуде

Оқулықты дайындау үшін арнайы редакциялық кеңес құрылды. Құрылған кеңестер содан кейін республикалық комиссияға сараптама жүргізу үшін оқулықтардың жобаларын жіберді. Республикалық комиссияда ұсынылған 32 оқулықтың 29-ы сараптамадан өтіп, жариялауға ұсынылды.

Еліміздің мектептерінде жаңа пән енгізілуде

Бұл пәннің бір артықшылығы, бір кітап бірден үш оқу жылына арналған. Сондай-ақ, оқулық 20 академиялық сағатқа арналған материалдарды қамтиды.

Айта кетейік, «Өлкетану» оқулығы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» бағдарламасы аясында әзірленді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр