Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 маусымнан бастап Алматыдан Өзбекстанға жаңа бағытта әуе рейсі қатынайды

Өзбекстанмен арада тағы бір жаңа бағытта әуе рейсі ашылды. "Uzbekistan Airways" әуе компаниясы Алматы-Нүкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту мен қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.



Алдағы уақытта Өзбекстанмен арада жаңа бағытта әуе рейсі ашылды. Осылайша, "Uzbekistan Airways" әуе компаниясы биыл 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нүкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындайды. Жолаушылар аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық "Эйрбас-А320" ұшағымен Алматыдан Нүкіс қаласына қатынай алады. Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Елімізде халықаралық әуе рейстеріның саны артып жатыр. Қазақстаннан 121 әуе бағыты бойынша халықаралық рейстердің саны аптасына 567-ге жетті. Қазір 28 мемлекетпен тікелей рейстер орындалып жүр. 

Бұған дейін Талибан Қазақстанға әуе рейсін ашуға ниет білдірген еді. 

Талқылау