Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еліміздің бірлігін сақтауға үлес қосайық": Қазақстанның бас мүфтиі қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қазақстанның Бас мүфтиі, ҚМДБ басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы сұйытылған газ бағасына байланысты наразылықтардан кейін ел тұрғындарына бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мүфти

"Құрметті отандастар! Қадірлі ағайын! Ата-бабамыздың арманы болған Тәуелсіздігімізге осыдан 30 жыл бұрын қол жеткіздік. Қазіргі таңда осы Тәуелсіздікті сақтау – әрбір қазақстандық үшін қастерлі, қасиетті борыш. Алла Тағала Тәуелсіздігімізді баянды етсін. Тыныштығынан айырылған ел – жұлдызы жоқ аспан іспетті дейді. Тыныштық болмаса, кәсіптің, дүниенің еш пайдасы болмайтыны баршаңызға белгілі", – деп мәлімдеді Наурызбай қажы Тағанұлы.



Бас мүфтидің сөзінше, Алла Тағала қасиетті Құранда "Жер бетінде тыныштық орнағаннан кейін бүлік жасамаңдар" дейді.

"Қазіргі уақытта, қадірлі ағайын, баршамызға бірлік, бауырмалдық қажет. Сондықтан барлығымыз Алладан елдің бірлігін, тыныштығын сұрайық. Осы ел үшін, елдің бірлігі үшін әрқайсымыз шамамыз келгенше үлес қосуға тырысайық. Жаратушы Алла Тағала біздің елімізге, Отанымызға ауызбіршілік, ынтымақ нәсіп етсін! Алла тіл-көзден сақтасын. Ішімізді даудан, сыртымызды жаудан сақтасын! Жаратушы Жаппар иеміз қазақ халқына ауызбіршілік, ынтымақ беріп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін", – деді бас мүфти.

Талқылау