Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздегі Суретшілер Одағының басшылығына «талас» қызу жүріп жатыр

84 жылдық тарихы бар Қазақстан суретшілер одағында үлкен шу шықты. Өнер адамдарының басын біріктірген ұйым тарқап кетудің аз алдында.

Көрнекі сурет

15 қарашада өтетін одақ сьезінде суретшілер төраға сайлауы тиіс. Ал басшылыққа үміткер екі тұлғаның арасындағы «креслоға талас» қылқалам шеберлерін бір-біріне айдап салғандай, деп хабарлайды 31 арна.

Айналдырған 30-40 суретші одақ ғимаратын басына көтерді. Даудың басы – 15 қарашада өтетін съезд. Одақ төрағалығына екі үміткер бар. Жуырда 1000-нан астам мүшесі бар Суретшілер одағының қазіргі басшылары съезге аймақтан келетін 1 делегат 15 адамның атынын дауыс береді деген норма енгізген. Бұл аймақтағы мүшелердің шамына тиіпті. Оған қоса, шулы жиналысқа қатысқандар соңғы жылдары Одақ ішіндегі келеңсіздіктерді, жарғының көңілден шықпайтынын айтып наразылық білдірді.

“Менің ойымша, бір сөз, балағаттау үшін, жала жабу үшін, басқа да пікір айту үшін бір нәрсеге сүйену керек адам. Сол кезде оныкі дұрыс болады. Ал ондай айтылса, мен екібастан, қазір міндетін атқарушы болғандықтан жауап беремін”, – дейді суретшілер Одағы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Өмірбек Жұманиязов.

Уақытша төраға жиынның айқаймен өтуін шығармашылық адамдарының табиғаты сондай деп түсіндірді. Бірақ жиналыс аяқталмаған күйі тарады. Төрағалыққа екі үміткердің бірі Жанарбек Берістенов жаңа нормаға қарсылығын білдіріп, қазіргі басшылық екінші үміткерді қолдап отыр деген пікірде. Талас-тартыстағы басты мақсат – одаққа тиесілі мүліктер екенін мойындайды.

“Рысқұловта 75 соттық территориямыз бар, қаншама мастерскойлар бар, арендада мынадай залдар бар. Материалдық дүниелеріміз бірталай жетерлік. Қаншамасы сатылды 25 жыл бойы. Мамбиев туралы мақалада жаздым ғой. 25 жыл соны сатып келді. Әлі де баланста нәрселеріміз көп. Біз ие бола алмай жатырмыз осындайдың кесірінен”, – дейді Қазақстан Суретшілер одағының жауапты хатшысы Жанарбек Берістенов.

Суретшілер одағындағы жиналыстың мақсаты Берістеновтің бағдарламасын тыңдау болған. Алайда Берістенов суретшілер алдында ауыз ашпады. Тіпті, жас суретшілердің бір тобы Берістеновтің басшы болуына қарсы.

Естеріңізде болса, 2016 жылдың сәуір айында Берістенов бір топ студентті магистратура, докторантуға оқуға түсіремін деп ақша жинады деген күдікке ілінген.

“Қарсымын. Одан адам, Суретшілер Одағының төрағасы болатын адам барлық жағынан тап-таза болу керек. Бұл кісі өзін ақтап, тап-таза болып осы жерге келіп отыру керек еді. Әзірге дейін, осы күнге дейін үш жыл өтті, 2014 жылы алған”, – дейді суретшілер Одағының мүшесі Мөлдір Сағындықова.

Қандай мақсатты көздесе де, Суретшілер Одағының төрағалығына тартыс қызу жүріп жатыр. Одақ жарғысынан да, бір-бірінен де мін іздеген қылқалам шеберлері 15 қарашаны күтіп жүр. Себебі дәл осы күні ұйымның болашағы шешіледі.

Тағы да оқыңыз:

Шетелдегі бизнесін жасырған қазақстандық министрлердің өтірігі ашылды

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды

Талқылау