Еліміздегі рақымшылық тек шенеуніктерге арналған ба?
Соңғы жылдары елімізде сыбайластықпен ақша жеп сотталып, артынша рақымшылыққа ілігетіндер көбейді. Алайда, сарапшылар лауазымды тұлғаларға рақымшылықты оңды-солды қолданбау керек деген ұсыныс айтып отыр.
Мешімбаева мен Бишімбаевтың ісінің арасында тағы қандай шенділер жауапқа тартылып еді? Бұл жөнінде Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Соңғы кезде көз де, құлақ та үйренді. Айыпталған лауазымлы тұлғалардың бәрі жемқор. Тіпті, бір басшы аяқасты қызметінен кетсе артынан іс қозғалмай ма екен деп елеңдеп қаламыз. Әріге бармай-ақ қоялық. Соңғы 5 жылды алайық. 2013 жылы бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өмірияев ұсталып, ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды. Алайда 2016 жылы оның жазасы жеңілдетіліп, түрмеден шықты.
«Мемлекеттің бюжетіне жымқырған қаражат қайтып келетін болса оны мемлекеттің қаржысы арқылы түрмеде ұстап, оған шығындану тиімсіз. Бұл жағынан қолданысқа енген заң жобаларының гумандық жағын көп көңіл аударуға байланысты. Бұл тәжірибе шетелдерде бар.» – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков.
2019 жылы елімізде кезекті халық санағы өтеді. Осы науқанның алдында Анар Мешімбаева бостандыққа шықты. Есте болса, 2009 жылы санаққа бөлінген қаржыдан 758 млн теңге жымқырып, қашып кеткен Мешімбаева Мәскеуде ұсталған болатын. Жылдарға созылған тергеуден соң 2014 жылы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жақында бұл ханымда рақымшылыққа ілігіп бостандыққа шықты.
«Қазір естиміз, 50-60 мың теңге ұрлағандар бас бостандығынан айырылып жатыр. Олардың қорғаны жоқ, адвокаты жоқ. Оған ақшасы да жоқ. Сол жүйені де дұрыстау керек. Рақымшылық, гуманистік принциптер қоғамға әділетті түрде орнау керек. Елдің де белгілі бір дәрежеде сенімі пайда болады. Әзірше бұл кланаралық тартыс. Қазіргі билікке кім жағып отыр солар бостандыққа шығады» – саясаттанушы Әміржан Қосанов.
Істі болған шенеуніктер арасында Презиенттің сенімін ақтай алмаған үшін, кешірім сұрағандар жетеді. Олардың арасында Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын да бар. Экс-премьер Серік Ахметов те 2 млрд теңгедей мемлекетке келген шығынды өтеп, үкім шығар алдында Елбасынан кешірім күтті. 2015 жылы 10 сотталған ол былтыр күзде Қарабастағы түрмеден шықты.
«Оларды жай жібере қоймай, оларды бір жерге жіберіп жұмыс істеткізу керек. Ол адал жұмыспен өзінің мойындағанын халыққа, Үкіметке дәлелдеп қайтадан арамызға келгені дұрыс деп ойлаймын» – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов.
Бюджеттің бүйірін толтырып, түрмеде тәртіпті жүріп, жазасын жеңілдеткеннің бірі «Қазақстан инжинирнг» компаниясы төрағасының орынбасары Қанат Сұлтанбеков те бар. Былтыр 10 жылға кеткен шенеунік 2 млрд теңгеден аса айыппұл төлеймін деп, бостандыққа шықты.
«Қалай болғанда да бұл оңды солды қолданбау керек. Шыныменде қоғамға зиян келтірген, адам өлтірген, ауыр қылмыс жасаған, жемқорлықтың млрд-тап түгімен жеп жатқандарға әрине мұндай кеңшілік жасалмау керек деп ойлаймын» – дейді саясаттанушы Әміржан Қосанов.
Соңғы 5 жылда істі болған шенеуніктер тізімі мұнымен бітпейді. Экспоның экс- басшысы Талғат Ермегияев, Қарағанды облысының әкімі болған Бауыржан Әбдішев, Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаев, Президент әкімшілігінің белді қызметкері Бағлан Майлыбаев бар. Қазір бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің соты жүріп жатыр. Президенттен кешірім сұраған оған әзірге оған қандай үкім кесілетіні белгісіз. Сондай-ақ, өмір сахнасында сыбайластықпен ақша жеген театр актерлері де бар.
Тағы да оқыңыз:
Астанада түгі қалмай өртенген үйде Құран кітабы ғана жанбай қалған (видео)
Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз
Сұлулығымен елді сүйсінткен қазақ актрисасы сексуалды суретін жариялады (фото)