Еліміздегі мектептерде вакцинация жүргізіліп жатыр ма: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева “мектептерде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр” деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желіде мұндай ақпарат тарап отыр. Халық арасында әртүрлі сөзге иланып, бізге хабарласып жатқан ата-аналар да бар. Ең алдымен біріктірілген, бір құтыда, бір шприцте коронавирус жұқпасына және тұмауға қарсы вакцинаны ешкім ойлап тапқан жоқ. Ондай вакцина мүлдем өндірілмеген. Мұндай вакцина ойлап табылатын болса, онда бұл әрине медицина саласындағы сенсация болар еді. Елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцинация олардың ата-анасының келісімен ғана салынады. Осыған орай, мектеп аясында қандай да бір вакцина салынатын болса, онда ата-аналар жиналысы өткізіледі. Бүгінде мектептерге вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ", – дейді министрлік өкілі.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда оқу жылы басталғалы бері 426 оқушы COVID-19 жұқтырғаны айтылған еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
