Еліміздегі аймақтарда әкімдерді сайлау қашан өтеді - Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді
Орталық сайлау комиссиясының отырысында аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды пилоттық режимде ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әкімдікке кандидатурасын ұсыну 16 қыркүйекте басталып, 30 қазанда аяқталады. Мұны ОСК мүшесі Константин Петров мәлімдеді.
"Егер әкімдікке екіден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады", – деп толықтырды Петров.
Бұған дейін Тоқаев биыл елімізде алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтетінін мәлімдеді.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады