Қазақстандағы ауасы ең лас 7 қала белгілі болды
Еліміздегі ауасы ең лас қалалардың тізімі жасалды. Бұл мамандардың бір жыл бойы жүргізген зерттеулері екен. Көрсеткіштер қалалар мен өндіріс орындарының маңындағы жүмыс істеп тұрған 146 арнайы бекеттерден алынған. Сонымен қатар 14 жылжымалы зертхананың да берген ақпараты да есептеліпті. Мониторинг бір жыл бойы 49 елді мекенде жүргізілді. Оның ішінде ауасы ластанған 32 аймаққа “төмен деңгейлі”, 10 аймаққа “жоғарылаған” және 7 аймаққа “көтеріңкі деңгей” деп баға берілді.
“Ең лас аймақтардың қатарында: Жезқазған, Қаратай, Қарағанды, Шымкент, Теміртау, Өскемен мен Глубокое ауылы бар”, — делінген хабарламада. Сондай-ақ, бұл тізімде Астана, Алматы, Ақтөбе, Жаңатас, Семей, Риддер, Тараз, Ақтау, Балқаш пен Шу бар.
Аталған аймақтармен салыстырғанда Степногорск, Ақсай, Арқалық, Жітіқара, Зыряновск, Кентау, Лисаковск, Рудный, Саран, Қостанай, Түркістан, Орал, Көкшетау қалалары әлдеқайда таза болып шықты. Сондай-ақ, Ақсу, Қызылорда, Павлодар, Жаңаөзен, Құлсары, Екібастұз, Талдықорған қалалары мен Березовка, Бейнеу, Ақай, Сарыбұлақ ауылдары, Атырау, Петропавл, Торетам, Январцево, Қарабалық, Қордай қалалары, “Бурабай” мен Щучинск-Бурабай демалыс аймағы таза деп танылды.
“2016 жылмен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластануы Астана, Алматы, Қызылорда, Балқаш қалалары мен Бейнеу, Ақай ауылдарында жақсы жаққа өзгерген. Ал Ақтау, Қаратау, Өскемен қалалары мен Глубокое ауылында ауа ластану көрсеткіші 2016 жылмен салыстырғанда жоғарылаған. Ал қалған аймақтарда ауа ластануының деңгейі 2016 жылғымен бірдей”, – деп атап өтті мекемедегілер.
Тағы да оқыңыз:
Мұхтар Тайжан: Біз қараған заң жобасында жерді сату туралы бірде-бір сөз жоқ
Астанада дәрігерлер емін таппаған 5 жасар бала Секен Тұрысбектің күйлерін тыңдап ауруынан айыққан
Ұлынын айырылған тележүргізуші: Мен енді бұрынғы Сәуле емеспін