Астанада дәрігерлер емін таппаған 5 жасар бала Секен Тұрысбектің күйлерін тыңдап ауруынан айыққан

Дәулескер күйші Секен Тұрысбеков  туралы, күй құдіреті туралы мақала жазамыз деген оймен ол кісіге арнайы жолықтық. Күйші әңгімесін қызық әрі тосын жайттан бастады.

Бұл туралы kazakh-tv.kz арнасы хабарлайды.

«Астанада 5 жасар Байыр есімді баланы әке–шешесі маған алып келді. Дәрігерлер «үміттеріңізді үзе берсеңіздер болады, адам болмайды» деп ауруханадан шығарып тастаған екен. Әке–шешесі баланы ескіше емдейтін емшілерге апарып, олар баланы күймен емдепті. Содан ба, бес жаста болса да, әлгі бала менің күйлерімді жатқа біледі. Күй құлағында қалып қойса керек. Астананың көшелерін «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Ақжүніс», «Дарабоз» деп, менің күйлерімнің атымен атайды екен.

«Балам сіздің күйіңізбен емделіп, ауруынан айығып, аяғын басты. Күнделікті ұйықтар алдында сіздің күйіңізді тыңдамаса, көзін жұмбайды», – деп, Байырдың әкесі ерекше ілтипатпен танысуға келді. Бәрі бір Алланың құдіретімен ғой, бірақ күйімді тыңдап, бір адамның ауруынан айыққанына қуанып қалдым. Байыр дәрісін уақтылы ішпесе, анасы: «Секен ағаңа айтам, ол кісі ренжиді саған», – дейді екен. Өзі менің айтқандарымды бұлжытпай орындайды. Байырды күймен ауырып, күймен жазылған бала деп ойлаймын», – дейді күйші.

Тағы да оқыңыз:

Абайдың әнін мазақ қылған Байзақова жұрттың ашуын келтірді (видео)

Ұлынын айырылған тележүргізуші: Мен енді бұрынғы Сәуле емеспін

Нұржан Төлендиев тойда анекдот айтып жұртты күлдірді (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар