Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде желтоқсаннан бастап жүргізушілерге жылдамдықты асырғаны үшін салынатын айыппұл екі есе өседі

Желтоқсанда жылдамдықты шектен тыс асырып айдаған жүргізушілерге айыппұлды көбейту туралы әкімшілік кодекске өзгеріс күшіне енеді. Дегенмен сарапшылар соманы екі есе арттыру заңбұзушылықтар санына әсер етпейді деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Екі айдан кейін белгіленген норманы сағатына 60 шақырымнан асырғандар 40 АЕК, яғни 147 мың теңге төлейді. Қайталанған жағдайда сома 221 мың теңгеге дейін артады. Ал қазір айыппұл – 73 мың.

Осындай заң бұзушылықтар үшін айыппұлдарды көбейту орынды деп есептеймін. 5 шақырым асып кетіп, кейде байқамай жатамыз. Бірақ белгіленген норма 40 болғанда, 100-бен жүру – бұл анық заңбұзушылық”, – деді тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков. 



Тағы бір сарапшы заңбұзушыларды ештеңе тоқтатпайтынын айтады. Сөзінше, 73 мың айыппұлдан қорықпаған адам 147 мың теңгенің айыппұлына да алаңдамайды. Өйткені мұндай заңбұзушылықтарды көбіне жағдайы нашар емес азаматтар жасайды. Одан да жүргізуші куәлігінен айырып, алғашқы 7 күн үшін 50% жеңілдік мүмкіндігін алып тастау керек дейді. 

“Инженерлік шешімдер қажет. Жылдамдықты арттыруға жағдай жасаудан аулақ болу керек. Қалада жоғары жылдамдықпен жүретін мүмкіндік болмау керек. Мысалы қиылыстарда жасанды тарылту бар. Алматының немесе басқа қаланың қауіпті қиылыстары картасы қажет”, – деді "За рулем" журналының бас редакторы Алексей Алексеев. 

Талқылау