Қазақстанда қай сыныптан бастап орыс және ағылшын тілдері оқытылады: Білім министрлігі түсіндірді
ҚР оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды бірқатар жаңалықтар күтіп тұрғанын айтты. Оның ішінде үш тілді оқытуға байланысты өзгерістер де бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Оқу-ағарту министрлігінің жедел отырысында жаңа оқу жылының жаңалықтары талқыланды. Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сынып оқушылары үшін 35 оқу аптасы, 2-11-сыныптар үшін 36 оқу аптасы болмақ. Биыл қазақ тілінде оқитын 1-сынып оқушылары "Әліппе" мен "Ана тілін" ғана меңгереді", – делінген ведомство сайтында.
Балалар орыс тілін 2-сыныптан, ағылшын тілін 3-сыныптан бастап оқи бастайды. 5-11 сыныптарда "Жаһандық құзыреттер" курсы вариативті компонентке енгізіледі.
Әдістемелік нұсқау хатта вариативті компонент сағаттарын ұтымды пайдалану, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар бар.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”