Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде енді жылдамдықты жиі асырған такси жүргізушілері жұмыстан шеттетіледі

Жылдамдықты асырып, жол ережесін жиі бұзатын такси жүргізушілері жұмыстан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мұндай өзгеріс көлік министрлігі, inDrive және Yandex Go арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қарастырылған.

Енді пайдаланушылардың пікірлері мен рейтингтеріне сүйене отырып, жылдамдық шегін жиі бұзатын жүргізушілер тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе біржола шеттетілуі мүмкін.



Көлік министрлігінің хабарлауынша, меморандум мобильді қосымша операторларының такси тасымалдаушыларының автомобиль саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету шараларын кезең-кезеңімен қабылдауды көздейді.

Талқылау