Кейбір қазақстандықтар білім беру грантын өтеуден босатылмақ
Енді ерекше қажеттігі бар балалардың ата-аналары грантты өтеуден босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Мәдениет және білім беру мәселелері жөніндегі түзетулерде университет түлектерін қолдау шаралары ұсынылады.
- мемлекеттік жәрдемақы алатын, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған, сондай-ақ І топтағы мүгедектігі бар адамды бағып отырған жоғары оқу орындарының түлектерін мемлекеттік оқу грантын міндетті түрде өтеуден босату ұсынылады;
- шетелдік жоғары оқу орындарының резидентура, магистратура, аспирантура және докторантура бағдарламаларын аяқтаған тұлғаларға міндетті еңбек өтеуін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі.
Сондай-ақ білім беру сапасын арттыру үшін заң жобасына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының рейтингі туралы норма енгізілген. Мемлекеттік қолдау білім беру ұйымдарына олардың деңгейі мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қарай беріледі.
Еске салсақ, ерекше балаларға арналған балабақша мен мектеп мамандарының жалақысын көтеру ұсынылған еді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар