Елімізде бір күнде 158 науқас коронавирустан қайтыс болды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
5 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында 128 адам – коронавирустан, тағы 30 адам – коронавирус пневмониясынан көз жұмған. Ең көп пациент өлімі елорда мен Атырау облысында тіркелген – 18 адамнан, Шымкент қаласы мен Қарағанда облысында 17 адамнан қайтыс болған.
Еске сала кетсек, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 871 адамның жағдайы ауыр, 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады