Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бес вице-министрге қылмыстық іс қозғалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанда бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алик Шпекбаев мәліметінше, 2020 жылы түрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, 4 облыс әкімінің орынбасары, 2 жауапты хатшы, 2 комитет төрағасы, 1 елші, 5 судья, 10 аудан әкімі және олардың орынбасарлары. 5 вице-министр мен 5 комитет төрағасы мен олардың орынбасарларына, сонымен қоса квазимемлекеттік сектордың 5 топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергелуде", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.

Ведомство былтыр 25 аса ауыр және 1 368 ауыр қылмыстың, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісінің алдын алған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр