Елімізде 0-сынып оқушыларына арналған жаңа “Әліппе” шығатын болды
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева айтып берді.
Бұл туралы Alau.kz жазды.
0-сыныпта оқитындарға арналған оқулық педагогтар қауымдастығына ұсынылды. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап бұл оқулық республика аумағындағы 1000 мектеп пен балабақшада қолданысқа енгізіледі.
«Әліппе — бір жыл бойы алфавитті жаттауға есептелген оқу құралы. Бұрын оны небәрі 3 ай оқитын. Ал бірінші сыныпқа барған кезде бұл оқулықтың атауы «Ана тілі» болады. Балалар әріп танып, буынға бөліп оқып, дыбыстық анализ жасап үйренеді. Оқу үрдісі ойын түрінде жүзеге асады», – дейді Жаңыл Жонтаева.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда 16 жастағы бала автобустан қуылғаннан кейін жансақтау бөліміне түсті
Сағадиев ҰБТ сұрақтарына Есентаеваның есімі не үшін қажет болғанын түсіндірді
Ақтауда 69 жастағы ер адам 9 жасар қызды азғырып, хат жазған
Қостанайда жоғалып кеткен үш қыз ертерек ересек өмірді бастағылары келіпті