Досаев Алматы әкімі қызметіндегі жұмысын қорытындылады
Фото: primeminister.kz
Алматының экс-әкімі Ербола Досаеы өзіне сенім артқан мемлекет басышы мен Алматы тұрғындарына алғас айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Ең алдымен, ел тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірінде өзімнің туған қалама қызмет етуге мүмкіндік берген мемлекет басшысына ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен абырой ғана емес, зор жауапкершілік те болды. Маған артылған сенімді ақтауға тырыстым", – деді Досаев.
Сондай-ақ ол қала тұрғындарына азаматтық белсенділік көрсетіп, қаланың дамуы мен өсуі атсалысқан тұрғындарға үшін алғыс айтты.
"Соңғы үш жылдан астам уақыт менің өмірімде елеулі сын-қатерлер мен маңызды жетістіктер кезеңі болды. Бұл жетістіктер халықтың өмір сапасын жақсарту мен сапалы өзгерістерге жетудегі үлкен қадамдар болды. Мұндай нәтижелерге мемлекет басшысының тұрақты қолдауының, сіздердің — құрметті алматылықтар — қолдауларыңыздың және кәсіби әрі патриоттық команда жұмысының арқасында қол жеткіздік", – деді Досаев.
Сөзінің соңында бұрынғы әкім оңтүстік астананың болашағына сенетінін айтты.
"Мен Алматының заманауи әрі дамыған мегаполис, жоғары өмір сапасы мен жайлы қалалық ортасы бар қала ретінде жарқын болашағына шын жүректен сенемін", – деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін Алматы әкімі боып Дархан Сатыбалды тағайындалған еді.

"Бор мен қағазды өзіміз сатып аламыз": Қазақстандық мұғалімдер мектеп басшылығына шағымданды
