Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елге танымал әншілер Сара Тыныштығұлованы екі мәрте өлтірмекші болған

Бір кездері ел Сара Тыныштығұлованы “қазақтың Эдит Пиафы” деп атайтын. Ол шақта Кеңестік мәдениет министрлігі әншіні ел атынан шетелге жиі жіберетін. Ал бүгінде Қазақ КСР Халық әртісінің сахнаға шығуы мерекемен пара-пар. Әншінің айтуынша, бір кездері қас дұшпандары мен іші тар адамдар оның жолын бөгеуге, тіпті өлтіруге тырысқан, деп хабарлайды “Время” газеті.

“Біріншісінде басымнан ұрды, ал екіншісінде суға у қосып бермек болды”, – деп еске алады Сара Өрдембайқызы.

Әнші оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

“Концерттен қайтып келе жатсам ересек ер адам подъезімнің алдында тұр. Мен оған: “Күнім, есікті ашып жіберші”, – десем, ол басымнан таспен ұрып қашып кетті. Сол жарақаттан кейін қолымның қимыл-қозғалысына әсер ететін жүйке жасушалары зақымдалған. Бұл оқиғадан бұрын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына барып “Қазақконцерт” басшысы маған ән айтқызбайды деп шағымданған едім. Менен төмен деңгейдегі әншілерге рұқсат бар, ал маған жоқ екенін білгенде ренжідім. Мүмкін елбасы мені көлік не пәтер сұрайды деп ойлаған шығар. Ал мен бар болғаны: “Маған ән айтуға рұқсат беріңізші”, – дедім. Ол кісі: “Айтасыз”, – деді. Шынында солай болды”, – дейді Сара Тыныштығұлова.

Әншінің айтуынша, бір кездері оның бір топ жеке қызметкерлері болған.

“Кеңес Үкіметі құлаған соң, маған жұмыс істеген адамдардың бәрі қуылды, ал өзім екі жыл айлық алған жоқпын. Президенттің арқасында сахнаға қайта шықтым. Тек 2007 жылы “Қазақконцерттің” басшысы ауысқан соң, мені көреалмайтындар тағы да бүлік шығарды. Арнайы комиссия құрып, менен емтихан алмақшы болды. Ақырында зейнет жасына жеткендіктен, маған ән айтуға болмайды деп шешті. Сол кезде қандай күйде болғанымды елестете аласыз ба? Сол оқиғаға қатысты қызымның: “Сіз тіпті өлі адаммен тең едіңіз”, – деп айтқаны бар. Тіпті, 90 жастағы апаларымыз ән айтып жүргенде, неге екені белгісіз 70-ке келген маған ән айтуға болмайды екен”, – деп еске алды әнші.

Сара Өрдембайқызының айтуынша, екінші рет оған сол кездегі мәдениет министрі Ермұхамет Ертісбаев көмек қолын созған. Бұдан кейін әнші өзін уламақшы болған адамдар туралы айтты.

“Мен сахнаға шыққанда, халық орнынан тұрып қошеметтейді, сол үшін улады деп ойлаймын. Бірде концертте алдыма екі бөтелке су қойды. Негізі ағам мені бір рет өлтіруге тырысқандардың тағы да талпынып көретінін айтқан, соған қарамастан әлгі суды іштім. Сосын құстым, ақырын-ақырын есімді жоғалта бастадым, денемнің әр жеріне пышақ сұққандай ауырды”, – деп еске алды әнші.

Сара Өрдембайқызы өзін кімнің улағанын білетін болып шықты. Алайда:

“Есімін атай алмаймын. Дәрігерден ресми анықтама алған жоқпын, полицияға арыз жазбадым. Енді қазір айтсам, ақылынан алжасқан деп шығады. Бар айтарым, мені көре алмай, маған жамандық тілейтіндер – халық білетін әрі жақсы көретін әртістер”, – деп мәлімдеді ол.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Түсіпбева бірнеше рет тұрмыс құрып, дүркірете той жасаған жұлдыздарды қатал сынады

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

 

 

Талқылау