Астанада 7 жасар бала көлік жүргізіп, жол апатына түсті
Видеодан скрин
Астанада 7 жасар бала көлік жүргізіп, жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ата-анасының қарауынсыз қалған бала көліктің кілтін алып, оталдырып, тұрғын үй ауласында тұрған көліктердің біріне соғылған. Желіде жол апатының видеосы тарады.
Полиция бала мен оның ата-анасының жеке басы анықталғанын хабарлады.
"Сүйектері мен тісі сынған": Астанадағы спорт кешенінде 8 жасар қыздың үстіне шкаф құлап кетті
"Міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналар жауапқа тартылды. Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлуді, көлік кілттері мен басқа да қауіпті заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді", – делінген Астана полициясының хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткені үшін ата-анасына айыппұл салынған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады