Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші америкалық София Кенинмен кездесті. АҚШ спортшысы WTA рейтингінде 56-орында.
Тартысты өткен бәсекеде отандасымыз 6:2, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды.
Рыбакина ½ финалда ресейлік Мира Андреевамен кездеседі. Қазір Елена әлемдік рейтингте 7-орында тұр. Ал Андреева әлемнің 14-ракеткасы.
Бұған дейін, қазақстандық теннисшінің үшінші айналымға өткенін жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

