Елена Рыбакина Токиодағы турнирді сәтті бастады
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Жапония қаласындағы өтіп жатқан WTA 500 турнирінің алғашқы кезеңін сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рыбакина 1/8 финалда әлемдік рейтингтегі 22-орындағы Канадалық Фернандеспен өзара мықтыны анықтады.
1 сағат 28 минутқа созылған тартыстың екі сетінде де Елена басым түсіп - 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды. Ол енді бұл турнирдің ширек финалынан сүрінбей өтсе, қараша айында Сауд Арабиясында өтетін Эр-Рияд WTA турниріне қатысу мүмкіндігіне ие болмақ.. Айта кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры — 1 064 510 доллар. Ал жарыстың жеңімпазы 164 мың доллор сыйақы мен 500 рейтингілік ұпайға ие болады. Естеріңізге салсақ, Елена Рыбакина соңғы рет Қытайда өткен турнирде топ жарған.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады