Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің ширек финалында сүрінді

Фото:Ашық дереккөзден
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирдің ширек финалында сүрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ширек финалда ол әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға қарсы кортқа шықты. Ойын тартысты басталып, алғашқы сет 3:3 есебімен тең аяқталған. Кейін Рыбакина жиі қателіктерге бой алдырды. Нәтижесінде, Соболенко үш рет брейк жасап, матчты 6:3, 6:3 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Елена Рыбакина айтулы турнирдің жартылай финалына өте алмады.
Айта кетейік, бұл турнирде Рыбакина алғашқы айналымда рейтингте 48-орында тұрған румын теннисшісі Жаклин Кристианды жеңсе, екінші ойынында чехиялық Линда Носкованы жарыс жолынан ығыстырған еді.
Аталмыш жарыстың жалпы жүлде қоры — 3,65 миллион АҚШ долларын құрайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

