Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында Арина Соболенкаға есе жіберді

Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ақтық сынында Арина Соболенкаға жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші сетте Рыбакина Арина Соболенканы 3:6 есебімен жеңген. Алайда екінші сетте беларусьтық теннисші таразы басын теңестіріп, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші сетте Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкадан соңғы сәтте жеңісті жұлып алған еді. Дегенмен тай-брейкте Елена Рыбакина Арина Соболенкоға есе жіберді. Қорытынды есеп – 3:6, 6:3, 6:4 (6:8).
Елена Рыбакина бұл жарыста жартылай финалға шыққаннан кейін әлемнің екінші ракеткасы атанды.
Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры 18,8 млн доллар. Жеңімпазға қаржылай жүлдемен бірге 1000 рейтингтік ұпай беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін қос теннисші 2025 жылдың соңында Австралия Ашық чемпионатының финалында кездескен еді. Сол кезде қазақстандық Елена Рыбакина басым түсіп, “Үлкен дулыға” турнирін жеңімпазы атанған. Ал осы жолы Арина Соболенка қарымта қайтарды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?