Елена Рыбакина айдың үздік теннисшісі атағына ұсынылды
Қазақстанның алғашқы ракеткасы айдың үздік теннисшісі атағына үміткер деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Relevant tennis наурыз айының үздік теннисшісі сауалнамасын жүргізуде. Сауалнамаға WTA Tour-дың төрт үміткері кірді.
- Румыниялық Сорана Кирстя;
- Қазақстандық Елена Рыбакина;
- Беларуссиялық Арина Соболенко;
- Чехиялық Петра Квитова.
Әзірге қазақстандық спортшы Елена Рыбакина көш бастап тұр. Оған 60%-дан астам оқырман дауыс берді.
Осыған дейін Елена Рыбакина WTA турындағы рекордын жаңартқаны хабарланды. Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған еді. Ол жақында қатарынан он екінші жеңісіне қол жеткізді. Алайда соңғы Майами мастерс турнирінің финалында жеңіліс тапты.
The best WTA player of March is...
— Relevant Tennis (@RelevantTennis) April 4, 2023
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн