Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Алматыға келмейтін болды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыға келмейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Рыбакина

Айта кетсек, Ұлыбританияда өткен Уимблдондағы жеңісінен кейін спортшы Нұр-Сұлтанға келіп, жанкүйерлерімен кездескен болатын. 

Бүгін Рыбакина Алматыда кездесу өткізе алмайтыны жайлы әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. 

"Құрметті алматылықтар! Уимблдондағы жеңісіміздің қуанышымен бөлісу үшін Алматыға келуді жоспарлаған едім. Алайда соңғы күндердегі физикалық жаттығу мен эмоционалдық күйзеліс менің хал-жағдайыма әсер етті. Сондықтан қайта қалпыма келу үшін үзіліс алуыма тура келді. Келесі жолы міндетті түрде оңтүстік астанамызға келемін. Түсіністік пен қолдауларыңызға рахмет!” – деп жазды теннисші. 


Дидар Халық
Сәрсенбі, 13 Шілде, 2022 12:51
Талқылау