Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдос Сметов пен Рухия Байдүкенова "Дарын" сыйлығымен марапатталды

Нұр-Сұлтанда "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері марапатталды. Лауреаттарды марапаттау "Тәуелсіздік ұрпақтары" республикалық жастар форумы аясында ұйымдастырылды. Сыйлық 10 аталым бойынша табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен, "Дарын-2021" мемлекеттік жастар сыйлығын: 

"Ғылым" номинациясы бойынша – Есіркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы; 

"Қоғамдық қызмет" номинациясы – Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич; 

"Журналистика" номинациясы – Кеңшілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы; 

"Халық шығармашылығы" номинациясы – Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы; 

"Классикалық музыка" номинациясы – Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы; 

"Театр және кино" номинациясы – Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза; 

"Спорт" номинациясы – зілтемірші Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы; 

"Эстрада" номинациясы – Байдүкенова Рухия Еділқызы, Алмадиев Әлібек Бекболатұлы; 

"Әдебиет" номинациясы – Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы; 

"Дизайн және бейнелеу өнері" номинациясы – Атабек Әлібекұлы Бекболатов иеленді.

Айта кетейік, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында, ғылым, шығармашылық, спорт салаларындағы жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктері үшін беріледі. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 24 Қараша, 2021 13:31
Талқылау