Елдос Сметов Динара Сәтжанның күйеуінен сыйға алған көлігін сатуға қойды

Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға тартылған көлікті сатылымға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы даңқты дзюдошы өзінің инстаграм парақшасындағы сторисінде хабарлады.
"Сатылымға шықты, жұғысты болсын деп… Алушылар болса, үлгеріңіздер", – деп жазды даңқты спортшы.
Айта кетейік, белгілі болғандай бұл журналис Динара Сәтжанның күйеуі, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтан сыйға берген Mercedes-AMG GLE маркалы көлік.

Естеріңізге салсақ, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында чемпион атанған соң Жұмабек Жанықұлов дзюдошыны құттықтап, Mersedes AMG GLE маркалы автомобилін тарту еткен. Бұдан өзге кәсіпкерлер Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Нұрбек және Айбек Оралбайға– Toyota Prado, ал
Назым Қызайбайға – Mini Cooper автокөліктерін сыйға берген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

