"Елдің тынысы – кәсіпкерлерде": 2000-нан астам кәсіпкер SHANYRAQ 2025 форумына қатысты

11-ші SHANYRAQ 2025 форумы Алматыда 2000-нан астам кәсіпкер мен Қазақстанның 22 спикерін жинап, еліміздің шағын, орта және микро бизнесі үшін жылдың басты іскерлік оқиғасына айналды.
Тоғыз сағатқа созылған шабыттандыратын баяндамалар, цифрлық нетворкинг және қызу пікірталастар бір ғана мақсатқа жұмыс істеді: кәсіпкерлердің Қазақстанның тынысы екенін көрсету.
Биылғы форумның тақырыбы - "Елдің тынысы – кәсіпкерлерде". Ұйымдастырушылар экономиканы алға жылжытатын, жұмыс орындарын құратын және Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастыратын - нақ осы бизнестің өзі екеніне сенімді.
Сахнада есімдері табыстың синониміне айналған кәсіпкерлер сөз сөйледі:
Ерлік Балфанбаев (Alina Group), Қайрат Боранбаев (Almaly), Гүлбану Майғарина (Lanzhou), Әділ Тасболатов (Royal Flowers), Ұлықбек Шарипов (SHOQAN), Максим Барышев (Учёт.kz), Самал Асанова (Samal Cakes) және тағы басқалар.

SHANYRAQ форумы жылдар ішінде еліміз бойынша 25 000-нан астам кәсіпкерді біріктірді және инфобизнестен "таза" болып қалуды ұстанады: тек қазақстандық спикерлер, тек нақты кейстер мен жұмыс істейтін құралдар.
ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, шағын және орта бизнес ел ЖІӨ-нің 35%-ын және жұмыс орындарының 40%-ға жуығын қамтамасыз етеді. Форум күн сайын құндылық жасайтын, жұмыс орындарын ашатын және өз үлгісімен басқаларды шабыттандыратын жандардың тартылу нүктесіне айналды.
SHANYRAQ - бизнестегі адамдар үшін және адамдар туралы форум. Оның миссиясы өзгеріссіз: қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау, біріктіру және шабыттандыру.
"SHANYRAQ - бұл жай ғана форум емес, бұл Қазақстанның нағыз кәсіпкерлері туралы қозғалыс. SHANYRAQ - тек қазақстандық спикерлер ғана сөз сөйлейтін бірегей алаң. Тек өзін-өзі жасаған, бизнесін Қазақстанда құрып, ешқайда кетуге ниетті емес жандар. Біз нағыз Made in Kazakhstan туралы - жаңа қазақстандық кәсіпкерліктің бет-бейнесін қалыптастыратын self-made адамдар туралы айтамыз. Форум бизнестің күшіне және еліміздің болашағына деген сенімнің символына айналды", - дейді SHANYRAQ жобасының негізін қалаушы Маргарита Боярова.
Bereke Bank - SHANYRAQ 2025 бас серіктесі. Форум SHANYRAQ 2025 бас серіктесі - Bereke Bank-тің шабыттандыратын сөзімен ашылды. Банк командасы клиенттерге қызмет көрсетудің жаңа деңгейдегі философиясын таныстырып, қаржы технологиялары саласындағы инновациялық шешімдерімен бөлісті.

Форум аясында Bereke Bank зияткерлік шешімдер мен инвестициялардың кәсіпкерлер үшін өсу және шабыт құралына қалай айналатынын көрсетті.
Кәсіпкерлерді оқытуға, қаржы өнімдері мен құралдарына, бизнеске арналған қаржылық шешімдер конструкторына ерекше назар аударылды.
SHANYRAQ 2025 форумының негізгі түйіндері (инсайттары), шағын және орта бизнес кәсіпкерлері үшін сахнадан айтылған сөздер:
SHANYRAQ сахнасы әдеттегідей шынайы және терең әңгімелер алаңына айналды. Шағын және орта бизнес спикерлері мен кәсіпкерлері 2025 жылы бизнестің дамуын анықтайтын тәжірибелерімен, стратегияларымен және басты жаңалықтарымен бөлісті.
Компанияның өсуі оның ішкі кемелденуімен тікелей байланысты. Әділ Тасболатов: "Бизнестің басты ресурсы - адамдар. Мықты командасыз және ашық байланыссыз өсу мүмкін емес", - деп атап өтті.
Гүлбану Майғарина жүйелі басқару интуицияға емес, цифрлар мен аналитикалық деректерге сүйенуі керек деп қосты:
"Егер сіз өлшемесеңіз - басқара алмайсыз".
Денис Гайваронский:
"Адамдарға қателік жасауға және бизнестің серіктесі болуға еркіндік беріңіз. Тек сонда ғана көшбасшыға тәуелді емес үлкен және мықты бизнес пайда болады".
Цифрлық трансформация - енді тренд емес, қажеттілік.

Мұрат Әбдірахманов жасанды интеллект бүгінде бәсекелестік артықшылыққа айналып отырғанын атап өтті:
"AI – болашақ туралы емес, тірі қалу туралы. Gemini, ChatGPT және басқа құралдарды қолданыңыз – әйтпесе бұл құралдар сізді жақын арада алмастырады".
Бахт Ниязов ЖИ арқасында экономиканың еселеп өсетінін күтеді. Ол кәсіпкерлерге құралдарды белсенді түрде қолданып көруге кеңес берді: "Маған күнтізбе жасау ұнамайтын, енді мен оны үйреніп, көңілім тынышталды".
Бизнестің ұзақ мерзімді тұрақтылығы экожүйелік тәсілге және әлеуметтік үлеске негізделеді.
Қайрат Боранбаев:
"Экожүйе - бұл бір жылдық жоба емес, даму философиясы. Ол табандылықты, уақытты және жауапкершілікті талап етеді, бірақ нағыз тұрақтылықты беретін осы", - деп атап көрсетті.
Форумның назарында - дайындалып жатқан Салық кодексі 2026 болды.
Панельдік сессияда Максим Барышев, Дмитрий Казанцев, Екатерина Ким және Мақсат Халық кәсіпкерлерге 2026 жылдан бастап шоттар мен IP-мекенжайларды бақылауды қоса алғанда, цифрлық бақылаудың күшейетінін еске салды, сондай-ақ Қазақстанның салық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін көтерді.

Мақсат Халық:
"Біздің кәсіпкерлер Қырғызстан мен Өзбекстанға кете бастады, өйткені ол жерде салық режимі тиімдірек. Жаңа Салық кодексі бізге көп пайда әкеледі, және тұтастай алғанда біз есеп жүйесін барынша жеңілдетуге тырыстық", - деп атап өтті.
Спикерлердің басты хабарламасы: "Дүрбелеңге түсудің қажеті жоқ - дайындалу керек. Ашықтық пен цифрлық тәртіп дәуірі келеді". 2026 жылы мәселелерді болдырмау үшін цифрлық салықтық бақылау дәуіріне дайындықты қазірден бастау қажет.
Shanyraq 2025 форумы - бұл жүйелілікке, батылдыққа және жауапкершілікке шақыру. Инсайттарды әрекетке айналдыратын уақыт келді!
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі