Жолдыбаева шпагатқа отырамын деп тыңдармандарын ашуландырып алды (видео)
Кәмшат Жолдыбаева өзінің дене сымбаты мен сұлулығын мейлінше ұзағырақ сақтағысы келеді. Сол себепті ол дұрыс тамақтану режіміне көшіп, спортпен ұдайы шұғылданады. Одан бөлек, би билегенді жаны сүйеді. Тек онысын насихаттағаны үшін жиі сыналады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Актриса созылғанды жақсы көретінін тілге тиек етіп, желідегі парақшасына жаттығу көрінісін жүктеп қойды. Тыңдармандар мен желі оқырмандары Жолдыбаеваның бұл қылығын ерсі деп тауып, аямай сынап тастады. Олардың паймдауынша, Жолдыбаева шектен шығып кеткен.
“Барлық тамашасын көрсетті-ау”, “Мұны несіне көрсетеді екен”, “Кәмшат артқы жағыңызды көрсетіп, созылғанның несі қызық? Пластикаңыз жақсы, бірақ елге жұмбақ болатындай ештеңелеріңіз қалмады ғой”, “Фигураңызды көрсеткіңіз келеді, оны білемін”, “Елдің алдында керіліп, созылудың не қажеті бар, түсінбеймін”, “Қазақ қыздарына тең емес, масқара”, – дейді олар.
Алайда Жолдыбаеваның дене мүсінінің мінсіз екенін әрі актрисаның еңбекқорлығын жоғары бағалағандар да баршылық.
Жіберіп алмаңыз:
Есентаева сүйіктісін шоу-бизнеске қатысты жиындардан тастамай ертіп жүретін болған (фото)
Трансвеститтер шоуына барған Айқын тыңдармандарын шошытты
Қытайлық фанаттар үйлерінің сыртына Димаштың атын жаздырып алған
Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)