Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш келесі кезеңде атақты Лара Фабианның әнін орындайды (фото)

Димаш Құдайбергеновтің I am a Singer жобасының алтыншы кезеңінде орындайтын әні белгілі болды. Ол жуырда ғана өзін кездесуге шақырған әлемге әйгілі бельгиялық әнші Лара Фабианның әнін орындамақ.

димаш лара фабиан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш Лараның репертуарындағы “Adagio” әнін фортепианоның сүйемелдеуімен орындайтын болады. Алтыншы кезеңнің түсірілімі ертең, яғни 16 ақпанда өтеді. Алайда эфирден тек келесі аптада беріледі.

Dimash Kudaibergen_150217

Есте болса, қазақ әншісінің даусына тәнті болған Лара Фабиан оны кездесуге шақырды. Бірақ Димаштың Ларамен қашан кездесетіні белгісіз. Оған Димаштың тығыз жұмыс кестесі кедергі келтіріп отырған көрінеді.

Dimash Kudaiber-150217

Айта кетейік, жобаның алғашқы 2 кезеңінде Димаш бірінші орынды иеленіп, екі рет қатарынан жеңіс кубогын жеңіп алды. Одан кейінгі қос кезеңде Құдайбергенов үшінші орынға тұрақтады. Ал эфирден енді көрсетілетін бесінші кезеңде Димаш бесінші орынды қанағат тұтты.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)

Ұлықпан Жолдасов Димашқа мәтіні ағылшынша ән жазып берді

Димаш 50 жастағы қарсыласын көрсетіп жанкүйерлерін таңғалдырды

Желіде Димаш пен Джеки Чан кездесуінің бейнежазбасы пайда болды (видео)

 

Талқылау