Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаштың қытай тіліндегі әнін 3 күнде 11 миллион адам қараған (фото)

Димаш Құдайбергеновтің I am a Singer жобасындағы қытай тілінде орындаған әнін небәрі 3 күннің ішінде 11 миллионға жуық адам тамашалаған. Бұл туралы Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шәрімов жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Dimash_150217

“Иә, өткен аптада Димаш 3-ші орын алды. Бірақ, “I am Singer” жобасының ерекшелігі тек студиядағы сарапшылар мен көрермен емес, бар Қытай xалқы апта бойы қорытындыны әңгімеге арқау етіп, үздіктерді тәуелсіз ғаламторда бағалайды! Міне, өткен аптада айтылған әнді 3 күннің ішінде 10 миллион 700 000 мың адам қараған! Сенесіздер ме? 1 миллион емес 10 миллион! Міне осылай! Нәтиже деп осыны айт”, – дейді Алпамыс.

димаши_150217

Осылайша Димаш Қытайдағы ең танымал әншілердің тізімінде әлі де көш бастап тұр.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады. Ал үшінші кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр. Ал төртінші кезеңде Димаш қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап, Қытай халқын тағы да аузына қаратты. Бұл кезеңде де Димаш үшінші орынды иеленді.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмегін аямауда

Сәкен Майғазиев: Димаш “Музарт” тобынан да асып түсті

Димаш Қытайда журналистерге арнап “Дударай” әнін шырқап берді (видео)

Желіде Димаш пен Джеки Чан кездесуінің бейнежазбасы пайда болды (видео)

Талқылау