Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш 50 жастағы қарсыласын көрсетіп жанкүйерлерін таңғалдырды

Димаш Құдайбергенов келесі кезеңде өзімен бірге кубокка таласатын жаңа қарсыласын көрсетті. Ол келбетті ер адамның жасы 50-де екенін айтып, Қазақстандағы жанкүйерлерін таңғалдырды.

Димаш-140217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Саxна сыртындағы кездесу. 50 жасар танымал әнші, диджей, 2015 жылғы “Қытайдың ең танымал әншісі” атағының иегері, биылғы “I am singer” жобасындағы жаңа қарсыласым – Терри Лин”, – деп жазады Димаш.

Аталған жазбаға небәрі бірнеше сағаттың ішінде 2 мыңға жуық пікір қалдырылған. Олардың басым бөлігі 50 жастағы Терридің өз жасынан өте жас көрінетінін айтқан.

“50 жастағыға ұқсамайды ғой”, “Біздікілер секілді май баспайды екен жасы келген шақта”, “50 жас?”, “Димашпен құрдас па деп қалдым”, “50 жас, масқара”, “Қасыңдағы 50 жастағы кісіге ұқсамайды, не деген жап-жас”, – дейді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмегін аямауда

Сәкен Майғазиев: Димаш “Музарт” тобынан да асып түсті

Димаш Қытайда журналистерге арнап “Дударай” әнін шырқап берді (видео)

Димаш Құдайбергеновке қандай қыздар ұнайды

Талқылау