Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеновке қандай қыздар ұнайды

Қытайлық БАҚ Димаш Құдайбергеновпен болған сұхбаттарын жарыса жариялауда. Онда әнші болашақ өмірлік жары туралы айтыпты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170212131918

“Оның мінезі дұрыс болуы керек. Сіздер менен де күшті жігіт табасыздар деп ойлаймын”, – деп жауап берді ол қандай қыздар ұнайды деген журналист сауалына.

Кейін Димаш “дұрыс” деген сөзін нақтылап, оған тәрбиелі әрі мейірімді қыздардың көбірек ұнайтынын айтқан. Әнші сонымен қатар, жобаның төртінші кезеңіне дайындық кезінде қытай тілінде ән шырқайтындықтан бірнеше түн көз ілмегенін де айтыпты.

“Қытай тілі – әлемдегі ең қиын тіл” деп атап өтті әнші.

Бұған дейін қытайлық “Хуанцю шибао” басылымы Димаштың қызы бар деп жариялаған еді. Қазақстандық әнші екінші апта қатарынан 10 танымал жұлдыздың арасында көш бастап келеді.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады. Ал үшінші кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр. Ал төртінші кезеңде Димаш қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап, Қытай халқын тағы да аузына қаратты.

Бұған дейін әнші Қытай елінде қазақ тілінде де ән шырқаған еді.

Оқи отырыңыз:

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Орысша жазған Мейрамбек Бесбаев желідегілерді күлкіге қарық қылды (фото)

Жанар Дұғалованың аянышты халі желідегілерді шошытты (видео)

Кентал ән жазып оны 10 мың долларға сатылымға шығарды

Талқылау