Есентаева сүйіктісін шоу-бизнеске қатысты жиындардан тастамай ертіп жүретін болған (фото)
Дильназ Ахмадиева «Самый мой любимый человек» атты клипінің тұсау кесерін дүркіретіп атап өтті. Үлкен дастархан жайған мейрамханаға шоу-бизнес әлемінің барлық «бөріктілері мен көріктілері» жиналды. Тіпті, Баян Мақсатқызы өз жігітімен келіп, құрбысының қуанышына ортақтасты. Ахмадиеваның су жаға клипін Stan.kz сайтының тілшісі де біріншілердің бірі болып тамашалап қайтқан еді.

Продюсер Баянның қатарын Эрик Тастембеков, Алтынбек Рахметов сынды продюсерлер толықтырды. Нағима Есқалиева, Нұрлан Абдуллин, Медеу Арынбаев бастаған эстрада жұлдыздарының қатарында Мақпал Исабекова, Нұржан Керменбаев, Әлішер Каримов тіпті сахнадан көрінбей, ән айтуды доғарған Лидо да жүр. Көңілді кеште би билеген жұлдыздар әннен шашу шашып мәре сәре болды.














"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"