Елден қашқан ауғандықтардың үйлері жалға берілетін болды
Кабул билігі елден қашқан Ауған астанасы тұрғындарының үйлерін жалға беретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жергілікті билік таратқан мәлімдемеге сәйкес, Кабул басшылығы аудан басшылары мен заңгерлерге мемлекеттік төңкеріс кезінде Ауғанстаннан кеткен азаматтардан қалып қалған пәтер тізімін құруды тапсырды. Бұл тізім аудандық департаменттерге жіберілетін болады.
Тізімге пәтер иелері құлыптап кеткен баспаналар, мүлік, сондай-ақ Талибан (Қазақстанда "Талибан" Террористік қозғалысына тыйым салынады) басып алған пәтерлер кіреді.
Қазақстандағы колледждерде оқу тегін болмақ
Билік өкілдері пәтерлер жеңілдікті шарттармен берілетінін айтады.
Бұған дейін Ауғанстандағы Талибан үкіметі авиакомпаниялармен толық ынтымақтастық орнатуға уәде беріп, Кабул әуежайындағы проблемалар шешілгенін, халықаралық рейстерді қайта бастайтынын айтты.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр