Қазақстандағы колледждерде оқу тегін болмақ
Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов колледждерде білім алу мүмкіндігін тегін қылу жоспарланып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Колледждерде оқуға ниет білдерген 9-сынып түлектерін 100 пайыз тегін оқумен қамту жоспарлануда. Жыл сайын 9-сыныптан кейін 30 мың бала колледждерде ақылы негізде оқуда. Олардың біразы қаржылық қиындықтарға байланысты оқуын бітірместен тастап кететін жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан жастарды, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында оқуға ниет білдірген барлық 9-сынып түлектеріне колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік жасалатын болады”, – дейді вице-премьер.
Сондай-ақ ол биыл елімізде 200-ден аса мектеп салынатынын атап өтті.
"Жалпы биыл кемінде 200-ден аса жаңа мектеп салынады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай орын тапшылығын, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін толықтай шешетін боламыз", – деді ол.
Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарғаны үшін ажал құшқан полицейдің жан жары оқиғаның мән-жайын айтты
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөптерді үйіп тастаған
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”