Елден ерекше жан: Бойжеткен 3 жыл бойы жұмысқа бір киіммен барған (фото)
Әдетте бойжеткендер бір киімді екінші күні қайталап кимейді. Әр күні әртүрлі образда көрінуге тырысатын арулар үшін бірнеше күн бойы бір киіммен жүру тіптен шошырлық жағдай. Алайда жарнамалық фирманың арт-директоры Матильда Каль (Matilda Kahl) өзінің талғамына адалдық танытты. Ол үш жыл қатарынан күн сайын жұмысқа ақ жейде мен қара шалбар киіп барған. Осылайша Матильда әр таң сайын қыздар бас қатыратын «Не киемін?» деген сұрақтан біржола арылмақ болған.
Бұл туралы шетелдік LifeBuzz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бір күні киім таңдаудан жалыққан Матильда бұл істің көп уақыт алатынын әрі қуаныштан қарағанда күйзеліске көбірек душар ететінін түсінген. Іскерлік кездесу барысында Матильда айналасындағы ер адамдардың киімге бола бас қатырмайтынын аңғарған.
Бұдан кейін Матильда кәсіби әйел екенін көрсететін, бірақ өте қарайым киім таңдап, оны өзінің жұмысқа киетін киіміне айналдырған. Бойжеткен жібек матадан тігілген 15 бірдей жейде мен 6 бірдей қара шалбар сатып алған.
«Жұмыс күндері шығармашылық міндеттер атқарамын, ал ол өз кезегінде менің миымды жұмыс істетеді. Шығармашылық әлеуетімді киім арқылы көрсетуді қажеттілік санамаймын», – деп түсіндірді елден ерекше ару.
Алғашқыда Матильданың әріптестері мән-жайды түсінбеген. Тіпті, жаңа киім сатып алсын деген ниетпен басшылық оның айлық жалақысын көтермек болыпты.
Ал Матильда киімге деген көзқарасын өзгерткен соң, уақыты мен энергиясын үнемдеп үйренгенін айтады. Шығармашалық салада жұмыс істейтін адамдар бір күн ішінде көптеген міндеттер атқарады. Ал бір киім кие бастаған соң, Матильданың жұмысы бірге кеміді. Одан бөлек, іскер қыз киім таңдамайтындықтан, жұмысқа кешікпейтінін айтты (қыздардың сағаттап жиналытынын білесіз).
Матильда өзінің киімге деген ерекше көзқарасы туралы мақала жазып, оны Harper’s Bazaar журналында жариялады. Оның хикаясы барша жұртқа жария болған соң, арулардың басым бөлігі Матильданы сынға алған.
Матильданың айтуынша, күнделікті бір киім кию арқылы ол басқа киімдердің қадірін түсінген. Ол демалыс күндері жарқын түсті белдемшелер мен кеудешелер, нәзіктігін көрсететін көйлектер кигенді ұнататынын айтты.
Әріптестері Матильданың ерекше таңдауын қолдайды. Олар, тіпті бір жолы “Матильда сияқты киіну” күнін өткізіп, кеңсеге бірдей киіммен келген.
Жіберіп алмаңыз:
Балалардың той кезіндегі күлкі тудырарлық әрекеттері (фото)
Трамптан Атамбаевқа дейін: Әлем президенттерінің айдай сұлу келіншектері БҰҰ-ны қаратты (фото)