Елде енді Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі
Үкімет басшысы Олжас Бектенов кеңейтілген отырыс барысында елде Ұлттық қор қаражатын пайдадану алдағы уақытта шектелетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Премьер-министрдің сөзінше, Ұлттық қор қаражаты тек маңызды жобалар үшін пайдаланылады.
“Қосымша салық түсімдері экономикалық өсуді ынталандыруға, инфрақұрылымды озық дамытуға, басым салалардағы перспективалы бизнес-жобаларды қолдауға бағытталады. Ұлттық қордың қаражаты, сіз тапсырғаныңыздай, ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін ғана сұралады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз”, – деді ол.
Өз сөзінше Қасым-Жомарт Тоқаев елде реформа қажет екенін айтып, үкіметті жұмыс істеуге шақырды.
“Елде реформаның қажет екені сөзсіз, бірақ Ұлттық банктен алынатын трансфертті азайту керек”, – деді президент.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген