Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Депутат болғанда тәуір еді": Бекболат Тілеуханның сыртқы келбетін көпшілік қызу талқылады

Этно бағытта ән салатын “Алатау серілері” тобы Ыстамбұл қаласына бейнебаян түсіруге аттанды. Сол жақта олар қоғам белсендісі, экс-депутат Бекболат Тілеуханмен жолыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Видеода бір топ азамат жерге дастархан төсеп отыр. Бекболат Тілеухан төрде отыр. Олар "Меккеде жейтін тамақ" деп ас бастағалы жатыр

"Бауырым, кішкентай табақ әкеліп бересің бе?", — дейді Тілеухан түрік тілінде.

Видеоны көрген жұрт қоғам қайраткерінің жат жерде жүріп, жерде тамақ ішіп отырғанына алаңдаушылық танытты. 

“Бекболат құрылысқа жұмысқа тұрған ба?!”, “Кімнің балконында отырсың?!, Елде болсаң, бөлменің төрінде отырар едің”, “Не жеп жатыр?”, “Қазақша етіміз бен қазы-қартамызға ештеңе жетпейді”, “Депутат болғанда тәуір еді” – деп жазып жатыр оқырман қауым. 



Сондай-ақ, топ мүшесі Азат Дулатұлы айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның үйінде қонақ болғанын да жеке парақшасына салды. Ол жерде қоғам қайраткері домбырамен ән салғанын көруге болады. 

“Ыстамбұл қаласының төрінде Нұржан ағамызбен Айнұр әпкеміздің шаңырағында қонақ болдық. Бекболат Тілеухан ағамызбен әңгімелесіп, ұстазымыздан шабыт алып, біраз рухани байып қалдық. Жақсы адамдармен дастархандас болып қайттық! Абай атамыз айтқандай “Жақсымен өткен бір күнің жаманның өткен ғұмырындай” дегендей, керемет отырыс болды”, – деп жазды өнер иесі. 

 

Талқылау