Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын адамдарға үстемақы төлеу керек – Cенатор

Сенатор Мұрат Қадырбек экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын адамдарға үстемақы төлеуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Депутаттың айтуынша, Кентау қаласы тұрғындары Арал экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған қауіпті аймақ ретінде дабыл қағып жатыр. Олар 2016 жылдан бастап Кентау мен оның айналасындағы елді мекендерді төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймағы деп жариялау мүмкіндігін белсенді түрде талқылап келеді.

Сонымен қатар ол қазір Қазақстанның Экологиялық кодексіне сәйкес құрылған Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді экологиялық апат аймағы деп жариялау мүмкіндігін қарастыратын арнайы комиссия жұмыс істеп отыр.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Түркістан облысының Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің аумағын экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кіргізу бойынша заңнамалық тиісті өзгерістер енгізу үшін нақты шаралар қабылдауы қажет. Сонымен қатар аталған аумақта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге экологиялық аймақта тұрғаны үшін әлеуметтік аударымдармен қоса республикалық бюджеттен 20% үстемақы қаржы қарастыру қажет екенін шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз", – деді сенатор.

Талқылау