Экология министрі жаңа кодексті түсіндірді
Онлайн-брифинг барысында экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа экологиялық кодекске қатысты түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл аса маңызды құжат. Және де ол жан-жақты талқыланды. Жасыратыны жоқ, экологиялық және экономикалық мүдделер арасындағы тепе-теңдікті ескеру қажет болғандықтан қиындықтар кездесті. Экологиялық ахуалды барынша тез жақсартамын деген азаматтардың ықыласын түсінуге болады. Алайда бұл ахуалдың жақсаруы бір дегенде емес, бірнеше жылдың ішінде орын алады. Себебі экологияны жақсарту үшін біздің өнеркәсіпте айтарлықтай техникалық және технологиялық жүйелі өзгерістерді іске асыру қажет", - дейді Мырзағалиев.
Үш күн бұрын мемлекет басшысының экологиялық кодекске қол қойған болатын.
"Қабылданған құжатты реформаторлық деп атауға болады. Және де ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЭСР) мен Еуропа елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып, пысықталды. Негізгі басымдықтарға қысқаша тоқталсам: Біріншіден, "Ластаушы төлейді және қалпына келтіреді" қағидатының негізінде ластануды болдырмау және бақылау бойынша шаралар, сондай-ақ қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілік көзделген. Экологиялық зиян орын алған жағдайда табиғат пайдаланушы қоршаған ортаны оның бастапқы қалпына келтіруге міндетті", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Экологиялық кодекске қол қойған болатын.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
