Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экология министрі қазақстандық кәсіпкерге 37 миллиард теңге айыппұл салды: Алайда Жоғары сот істі қайта қарады

Фото: Видео кадрларынан скрин

Атырауда облыстың экология департаменті заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпкерге 37 миллиард теңгеден астам айыппұл салды. Алайда іс Жоғарғы сотта қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құжатқа сәйкес, талапкерге экологиялық заңнаманы бұзды деген айып тағылып, 37 495 296 527 теңге айыппұл төлеу міндеттелген. Жоғары сот "Oxygenator" ЖШС-нің экология департаментінің нұсқамасын даулау туралы әкімшілік істі қарады. 

"Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы департаменттің нұсқамасының заңдылығын тексере келе, оның кейбір тармақтары іс жүзіндегі мән-жайларға сәйкес келмейді деген қорытындыға келді", – деп хабарлады ведомство.

Жоғарғы сот кейбір жергілікті соттардың қорытындыларын негізсіз деп таныды. Сонымен қатар сот талапкердің Экологиялық кодекстің екі бабын бұзғанын растады. Бұл баптар қалдықтарды жинау лимиттерін белгілеуді және қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты сот "Oxygenator" ЖШС-нің кассациялық шағымын ішінара қанағаттандырды.



"Сот алқасы серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін екенін атап өтті", – делінген соттың хабарламасында.

"Oxygenator" ЖШС-і Атырау қаласында мұнай қалдықтарын кәдеге жаратумен айналысатын шағын кәсіпорын. Оның иесі 42 жастағы Мұрат Ниязов.

Еске салсақ, Экология министрі қазақстандық кәсіпкерге 37 миллиард теңге айыппұл салғаны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 16:55
Талқылау