Соңғы жаңалықтар

Экология министрі апта сайын табиғи аймақтарды өзі тексеретін болды

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі апта сайын қазақстандықтардың демалыс мәдениетін арттыру үшін табиғи демалыс орындарында рейдтер жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бурабай ұлттық паркінде ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен, ұлттық парктердің инспекторларымен, қоғам белсенділері мен журналистермен бірлесіп алғашқы осындай рейдті ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов өткізді.

"Өздеріңіз білесіздер, ел президенті экология саласындағы елдегі соңғы оқиғаларға қатысты, соның ішінде Көбейтұз қызғылт көліндегі, Каспийдегі итбалықтар жағдайына қатысты өте көп сын айтты. Бұл халықтың демалыс мәдениеті мен экологиялық ойлау деңгейінің төмендігін көрсетеді. Президент мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы тапсырма берді. Сондықтан біз әр демалыс күндері ҚР ІІМ-мен, ұлттық парктердің инспекторларымен және журналистермен бірлесіп табиғи демалыс орындарына рейдтер жүргізетін боламыз. Қазір біз "Бурабай" ұлттық паркінде тұрмыз", - деді Зулфухар Жолдасов журналистерге берген сұхбатында.


Оның айтуынша бұл мәселені шешудің екі жолы бар - айыппұл және осындай жерлерде халықтың мінез-құлқы мәдениетін көтеру үшін түсіндіру жұмыстары.

"Біз бұл үшін демалушылар үшін ең маңызды 10 пункттен тұратын арнайы жадынамаларды әзірледік, бұл жұмысқа волонтерлерді тартамыз. Жаздың соңына дейін әр демалыс күндері бүкіл республика бойынша, оның ішінде Қапшағай, Алакөл аймақтарына, тауларда, соның ішінде Іле-Алатау ұлттық паркінде, Шымкентте, Каспийде және т.б. рейдтерге шығатын боламыз. Дәл осы демалыс күндері табиғатта демалатын адамдардың көп шоғырлануы байқалады. Халықпен жұмыс үнемі жүргізілетін болады және қажет болған жағдайда қатаң шаралар қабылданатын болады. Бірақ біз экологиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдатамыз, мұндай тапсырма жақында мемлекет басшысы да берді", - деп толықтырды экологиялық реттеу және бақылау комитетінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда табиғатқа зиян келтіргені үшін айыппұл көлемі артады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр