Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұз ЖЭС-гі апат бойынша Клебановтан қашан жауап алынады – Скляр жауап берді

Екібастұзда қыс басталғанда істен шыққан жылу электр станциясының басшысы Александр Клебановты жауапкершілікке тарту мәселесі тиісті қорытындылар шыққаннан кейін қарастырылады, деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр. Бұл жөнінде журналист Асхат Ниязовтың сөзіне сүйеніп ҚазТАГ агенттігі жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Клебанов

"Тиісті қорытындылар жасалғаннан кейін ғана жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады", - деген Скляр апат орын алған қалада өткен брифингте.

Журналист сондай-ақ ЖЭС басшылығынан жауапкершілікті ысырып жатқандай әсер қалыптасқанын жасырмаған.

Склярдың айтуынша, апат жылу желілерінде болған. Бұзылудың себебі - желідегі қысымның бір реттік ұлғаюына әкеліп соқтырған станция персоналының жүйесіз әрекеттері, дейді ол.

ЖЭС-тің қазіргі жай-күйі туралы айтқан бірінші вице-премьер жағдай әлі де мәз емес екенін алайда соған қарамастан станция өз жұмысын жасап жатыр деген.

"Жылу орталықтары мен жылу желілері қандай жағдайда болды, қанша қаражат бөлінді, станция басшылығы қалай жұмыс істеді бұл сұрақтарға да қылмыстық істің қорытындысында жауап беріледі", - деп жауап берді Скляр.

Склярдың айтуынша, Александр Клебанов қазір Астанада, өндірістік мәселелерді шешіп жатыр екен. Ал екінші акционер Сергей Кан станцияда.

Сондай-ақ, Склярдан Олег Круктың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына жауапты бола тұра облыс әкімінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалу себебін сұрағанымен, бірінші вице-премьер бұл сұраққа жауап беруден бас тартқан.



Еске салайық, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы 30 градустық аязда жылу электр орталығындағы қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалған болатын. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Дәл осы күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған.

Кейіннен жылу электр орталығындағы апатқа қатысты тергеу басталғаны белгілі болды. Апатты жою үшін Астана мен тағы үш қаладан мамандарды жіберу туралы шешім қабылданды. Премьер-министр Әлихан Смайылов осы апатқа байланысты Қазақстан өңірлеріндегі энергетика нысандарына толық техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

30 қарашада мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Александр Клебановтың Екібастұз жылу-электр орталығын 1 теңгеге мемлекетке сатуға әзір екенін мәлімдеген.

“Ол нысанды мемлекет меншігіне 1 теңгеге беруге дайын екенін мәлімдеді. Біз бұлай болмайтынын айттық. Нысанды меншігіне алған кездегі тозу деңгейі мен қазіргі тозу деңгейін салыстырып, айырмашылықты төлеу керегін жеткіздік. Екіншіден, ол Екібастұз тұрғындарына моральдық өтемақы төлеуі керек", – деген ол.

Сол күні Екібастұз қаласының жылу-электр орталығында (ЖЭС)болған апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы Павлодар облысы прокурорының жеке бақылауына алынған.

Сонымен қоса премьер-министрдің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұз тұрғындарына келтірілген шығындарды Орталық-Азия Электроэнергетикалық корпорациясының иелері төлейтінін айтқан. 

1 желтоқсанда Роман Скляр Екібастұзда болған ірі коммуналдық апаттың алдын ала себебін атаған. Ол  жылу желілерінің бұзылуына станция қызметкерлерінің қате әрекеті себеп болғанын айтқан еді.

Талқылау