Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі сағаттан бері қозғалмай тұрмыз": ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы кептеліске қатысты түсіндірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Ресей шекарасындағы кептеліске қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Комитеттің мәліметінше, бақылау бекетінде жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 2023 жылдың 27 шілдесі мен 25 тамызы аралығында Қазақстан Республикасының Қайрақ өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан Ресей Федерациясының "Бугристое" автомобиль өткізу пунктінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

"Осыған байланысты көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, соның салдарынан бақылау рәсімдерін күту уақыты ұлғаюы мүмкін. Мемлекеттік шекараны Қостанай облысы арқылы кесіп өтудің балама нұсқалары ұсынылады", – делінген хабарламада.

Халықаралық бақылау пункті:

- "Ақбалшық" автокөлік (ҚР) - "Воскресенское" автокөлік (РФ);

Екіжақты бақылау пункттері:

- "Ұбаған" (ҚР) - "Звериноголовское" (РФ)
- "Желқуар" (ҚР) - "Мариинский" (РФ)
- "Аят" (ҚР) - "Николаевка" (РФ)
- "Қондыбай" (ҚР) - "Комсомольский" (РФ)

"Ағымдағы жағдайды ескере отырып, бағыттарды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", –  делінген ҰҚК таратқан ақпаратта. 

Талқылау