AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күннен бері жанған өрт Павлодар облысының ауылдарына жақындаған

Павлодар облысы Ақсу ауданындағы ауылдардың тұрғындары әлеуметтік желіде дала өрті тұрғылықты аймақтарына жақындап келе жатқанын, алайда әлі күнге дейін өрт сөндірушілердің жоқтығын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ақсу ауданы, Алғабас ауылының тұрғындары жергілікті қоғамдық парақшада жариялаған видеода көкжиекті түтін басып жатқандығын көрсеткен.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Бүгін 17 сәуірде Жолқұдық және Алғабас ауылдарының аралығындағы Ертіс өзенінің жайылма суларында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама түсті. Алғабас ауылдық округінің өрт сөндіру бекеті бір арнайы техникамен үш адам және ерікті жеті адам шықты. Оқиға орнында екі автокөлікпен Ленин кентінің №5 бөлімшесі, сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің жеті қызметкері жұмыс істеді”, – дейді Ақсу қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Қанат Түсіпбаев.

Оның айтуынша, өрт аумағы 15 гектарды құраған. Сағат 16:00-де өрт сөндірілді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрап, үндеу тастаған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр